Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің басқарма төрағалығынан кетті

«Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин еңбек келісімшартының мерзімі аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Ол «Хабар» агенттігі» АҚ-да 2019 жылдан бері жұмыс істеп келді.

Басқарма төрағасының міндетін уақытша Ринат Кертаев атқарады. Ол «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.