Үкімет жанынан дағдарысқа қарсы жедел штаб құрылды

Тарқатып айтсақ, штаб Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін азайтып, экономика мен бизнестегі проблемаларды қарап шешеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері мен салалық сарапшылар кірді. Бүгін жедел штабтың алғашқы отырысы да өтті. Жиында көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу және отандық бизнестің өзге де мәселелері талқыланды.