Алматы зообағында кенгуру төлдеді

Алматы хайуанаттар бағында сұр кенгуру төлдеді.

Қалталы жануардың төлдері бар болғаны 25 миллиметр болып туады. Одан әрі жарты жыл анасының қалтасында өсіп жетіледі.

Мамандардың айтуынша, жас төл ата-анасымен бірдей тамақ іше бастағанда оған ат қоюға болады. Хайуанаттар бағы алматылықтардан кішкентай кенгуруге ат табуға көмектесуді сұрап отыр. Айтпақшы, Марат пен Лара атты сұр кенгурулер жұбы Алматы хайуанаттар бағына Новосібірден әкелінген.

Дәурен Кенжебаев, жыртқыш аңдар бөлімінің басшысы:

- Бұл төлі қаңтар айында дүниеге келді. Өздеріңіз білесіз, алғашқы туғанда 25 миллиметрден болады, одан кейін бір-екі сағаттың ішінде қалтаға түседі. Одан кейін сол қалтаның ішінде өсіп, жақын арада өзі қалтадан көріне бастады. Жалпы бізде 5 кенгуру бар, сұр, қызғылт, валаби. Осы сұр кенгуруды біз Новосибирск қаласынан әкелдік. Қызыл кенгуруды Германиядан әкелдік және валаби біреуі Германиядан, біреуі Душанбеден.