Нұр-Сұлтанда ішкі туризмге жаңа мамандар керек

Елордада іскерлік туризмді дамыту керек. Бірақ бұл салада қазір кадр тапшы. Сондықтан кәсіптік білім беру мекемелеріндегі туристік мамандықтарға гранттарды арттыру ұсынылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлады. Елордадағы политехникалық колледжде өткен жиында басқарма өкілдері, туризм саласындағы ұйым мүшелерімен кездесті. Шараға қатысушылар сұраныстағы мамандықтарды сөз етіп, бас қаланың туристік әлеуетін талқылады. Айта кетейік, қазір 2 мың  800-дей студент туризм бағытында білім алып жатыр. Олардың 600-і биыл оқу бітіреді. 

Ержан Балтаев, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

Жаңа мамандықтарды енгізу жоспарда бар. Ол мысалы MICE менеджері, ивент менеджерлері, қандай да бір выставка жиналыстарды өткізетін. Сосын бізге тапшы болып жатқан мамандықтар ГИД-тар. Бұдан бөлек қолөнершілер. Қолөнер өте жақсы табыс көзі.