Референдум ұрпақ үшін маңызды – журналистер

Ата заңға қатысты өтетін референдум – елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысына қатысушылар осындай пікірде. Жиынға қатысушылар «Жалпыхалықтық плебисцит: жаңа мүмкіндіктер мен даму болашағы» тақырыбында ой өрбітті. Тілшілер қауымы «5 маусымдағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы» екенін айтады. Осы арқылы Жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып, кемел келешектің бағыты анықталады.