Ертіс жайылымының 27 мың гектардан астамы биологиялық препараттармен өңделді

Екі апта ішінде Ертіс жайылымының 27 мың гектардан астамы биологиялық препараттармен өңделді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жәндіктер тіршілік ететін сары масаның дернәсілдеріне қарсы шаралар жүргізілді. Енді мамандар екінші мәрте бақылау жұмыстарын қолға алды.

Дәулет Ибраев, мердігер ұйымның ғылыми жетекшісі:

Бұған дейін жайылымның мыңдаған гектарын әуеден өңдедік. Кей аумақтарда арнайы бригадалар жұмыс істеді. Күрес жұмыстары жерде де, ауада да жүргізілді. Енді өзенде барьерлік өңдеу шараларын бастаймыз. Ал бақылау үздіксіз жүргізіледі.

Сары маса көктемгі су тасу кезінде жаппай көбейіп, қолайлы ауа райында қанатқа тұрады. Мамандардың айтуынша, биыл Ертіс өзеніне табиғат қорғау мақсатында су босату ерте жүргізілген. Сондықтан, жәндіктердің дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық шаралар өз уақытында басталды.

Осы алқап биологиялық сұйықтықпен өңделді. Ең бастысы, қансорғыш жәндіктен басқа тіршілік иелеріне зиян келтірмеу, -дейді мамандар. Бақылау көрсеткендей, бұл жерде өзге ұсақ жәндіктердің дернәсілдері мен балықтар қырылған жоқ. Ал дернәсілдердің саны айтарлықтай аз.

Мақпал Лепесова, облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:

Мердігердің  ең басты міндеттерінің бірі өңделіп жатқан жұмыстардың 80% дейінгі қамтамасыз ету. Ғылыми сүйемелдеменің берген ұсынымдарына сәйкес қазір шіркейдің дернәсілдерінің өңделген тиімділігі 80%-тен астамын қамтамасыз етіп отыр.

Ендігі мақсат – шіркей дернәсілдеріне қарсы шараларды бастау. Улау жұмыстары өзеннің негізгі арнасында жүргізіледі. Жалпы, дезинсекциялық науқан барысында химиялық препараттардың 70 мың келісі мен химиялық құралдардың 2300 литрі пайдаланылады.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Марат Игіліков

Сондай-ақ...