СҚО-да желшешек жұқтырғандар көбейді

Олардың мәліметінше үстіміздегі жылдың төрт айында қауіпті індетке шалдыққан 712 адам тіркелсе, оның 635-і 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге дейін артқан. Мамандар осы ауру жұқтырғандар үйде оқшаулану керек екенін ескертеді.

Айнаш Сағандықова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Желшешек – бұл вирус тудыратын, ауа тамшы жолы арқылы берілетін жедел жұқпалы ауру болып табылады. Тәуекел тобын айтатын болсақ, білім беру мекемелеріне баратын мектеп жасына дейінгі балалар. Негізгі және қосымша білім беру мұғалімдері, жаттықтырушылар, бұрын желшешекпен ауырмаған жүкті әйелдер,педиатр дәрігерлер кіреді. Инкубациялық кезеңді айтатын болсақ, 10-нан 21 күнге дейін. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында осы желшешек ауруы бойынша карантинге жабылған мектептермен балабақшалар жоқ.