Жер заңнамасын бұзғандарға 219 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты.

Ал 2,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Пайдаланылмай жатқан жердің 90 проценті шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі. Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс 175 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 55 әкімшілік іс қозғалды.

Әбілхайыр Тамабек, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Анықталған бұзушылықтарды жою туралы әкімдіктер мен мемлекеттік органдардың атына орындау үшін тиісті 138 нұсқама енгізілді.

Әкімдіктердің заңсыз қабылдаған шешімдерінің күшін жою бойынша сот органдарына 18 талап арыз берілді, оның ішінде 16 талап арыз қанағаттандырылды, 2 қараусыз қалдырылды.