Ертіс өңірінің прокурорлары Павлодар қалалық мәслихатының ережесіне қарсылық білдірді

Депутаттардың шешіміне сәйкес әртүрлі әлеуметтік санатқа жататын азаматтарға қоғамдық көлікпен жүруде арнайы картаны пайдалану міндеттелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көліктік карта болмаса, тұрғындар жолақысын толық төлеуі тиіс.  Алайда прокурорлық талдау нәтижесінде Көлік заңнамасының бұзылғаны анықталды. Әлеуметтік әлжуаз санатындағы адамдар жеңілдікпен карточкасыз-ақ жол жүре алады, тек құжаттарын көрсетсе болғаны. Осылайша, прокуратураның наразылығымен қалалық маслихат шешімі заңға сәйкестендірілді. Әлеуметтік картаның бағасы – 450 теңге. Бұған дейін 16 әлеуметтік санатқа жататын тұрғындар сатып алып үлгерген. Қадағалау органы өкілдерінің айтуынша, оның құны қайтарылмайды. Бұл мәселемен алдағы уақытта өзге жауапты органдар айналыспақ.

Талғат Әлібаев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:

Ол картаны алудың деген міндеттелу жағдайы біздің наразылығымызға байланысты сәйкестендірілді. Өйткені заңға байланысты жеңілдіктер ережемен бекітілетін болса,  заңнамаға сәйкес болуы керек. Ол жерде көлік заңнамасы мәслихаттың ережесінен жоғары болғандықтан, ол ереже сол заңға сәйкестендірілу керек.