Елімізде 18 мың адам нашақорлық бойынша тіркелген

17 жастағы Данил республикалық психиатриялық сауықтыру орталығының емделушісі. Мектеп жасынан бастап спортқа бейім ол аңғалдықпен 16 жасында алғаш рет синтетикалық есірткінінің дәмін татады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қадам тағдырын тәуелділікке байлайтынын ол алғашында білген жоқ.

Данил, емделуші:

- Менің пайдаланғаныма жарты жыл болды. Ал ата-анам біліп, қайғы жұтты. Басында мойындамадым, бірақ бәрі түрімнен көрініп тұр еді. Бірнеше күн үйде келмей кетемін, 9 күн ұйқысыз, тамақ ішпей кіреберісте отыра беретінмін. Сол уақытта 17 келі салмақ тастадым. Қазір сол қадамға барғаныма өкінемін.

Психотроптық препараттар қолжетімді, сондықтан, қазір жас балалар оның құрығына тез түседі, - дейді Данил. Ақша төлесең болды, қажетті затты табу оңай. Бүгінгі таңда республикада 110 мыңға жуық науқас тіркелген. Оның ішінде 90 мыңы маскүнемдер, 18 мыңы нашақорлар. Оның ішінде 250 жасөспірім емделуде. Ал 106 бала ресми түрде нашақор деп танылған.

Гүлмира Садуақасова, психиатр-нарколог:

- Ресми организациялардан басқа жеке тәртіпте осы есірткімен тәуелділікті емдейтін орталықтар өте көп. Ал олардан бізде статистика жоқ. Қанша бала ол жаққа барып жатыр? Егер де осы жасөспірімдерді ерте анықтап, оған ерте кезде көмек берсе оған әбден көмек беруге болады. Оны тоқтатуға болады.

Ол үшін барлық нашақорлықтан емдеу орталықтарына кешенді емдеу бағдарламасын енгізу керек, - дейді дәрігерлер. Ең бастысы, жасөспірімнің тура жолдан адасуына жол бермеу. Ата-аналар баласының әлеуметтік желідегі жазбаларын қадағалап, мінез-құлқын жіті бақылағаны жөн.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Индира Оразалинова, Валентин Лобанов

Сондай-ақ...