Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қалай жүзеге асуы керек?

Коронавируспен күресте бірінші медициналық санитарлық көмек көрсете алатын клиникалардың маңыздылығы зор. Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжанов бас қаладағы жеке медицина орталықтарының біріне арнайы барып, олардың жұмыс тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат алысты. Мұндай клиникалардың әсіресе өңірлердегі рөлі зор. Себебі шалғайдағы жұрттың сапалы медицинаға қолы жете бермейді. Үкіметтің тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың да мәселелері қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, бұл жерде жарымжан жандардың жүріп тұруына сапалы арбалар ұсынылып қана қоймай, өздігінен қозғалуға қиналатындарға кейбір қызмет түрлері тегін көрсетіледі. Айтпақшы, орталық соңғы жылдары әлемдік ноу-хау идеяларды енгізу арқылы бұл мәселені мейлінше шешуге де атсалысып жүр.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Ол өте үлкен күрделі мәселе. Өткен жылы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қабылданды. Соны жүзеге асырудың нақты жолдарының бірі осындай орталықтардың жұмысын әрі қарай дамыту. Өйткені осындай жағдайға түскен азаматтардың көбі осындай арбаларды дайындау үшін талаптарын орындап сәйкестендіру үшін осындай орталықтар керек.