Көзі нашар көретін оқушы көбейді

Елдегі балалардың арасында көзі нашар көретіндердің қатары көбейіп барады. Дәрігерлер жүргізген медициналық тексерудің  қорытындысы бойынша 60 490  оқушының көру қабілеті нашар екені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2020 жылмен салыстырғанда 3 есе көбейген. Жыл өткен сайын жүйке жүйесі мен омыртқасында ақауы бар балалардың да қатары қалыңдап барады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың депуттар сауалына берген жауабындай жазылған. Мәліметке қарағанда балалар денсаулығының нашарлауына гаджеттер мен компьтерді жиі қолдану және шамадан тыс ақпарат ағымы кері әсер етіп отыр. Сондықтан үкімет денсаулық сақтау және оқу-ағарту министрлігіне оқу үрдісіне денсаулыққа зияны аз технологияларды іріктеп, енгізу туралы тапсырма берді.