Қазақстан - Азия мен Еуропаны жалғайтын маңызды дәліз

Қазақстан  - Азия мен Еуропаны жалғайтын аса маңызды құрлықтық дәліз.

Қазіргі геосаяси жағдайда еліміз өзінің транзиттік қуатын арттыруы тиіс. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстанның бұл мүмкіндікті толық пайдалана алуы қажет. Президент өз Жолдауында осылай деді. Қазір еліміз осы бағытта ірі жобаларды да жүзеге асыруда. Мәселен, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. Ал «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады» - деді Президент. Сондай-ақ Қазақстанның тас жолдары арқылы өтетін жүк көліктерінің санын арттыру үшін шұрық-тесік асфальттарды да қалыпқа келтіру тапсырмасы берілді.

ЦИТАТА

"Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін  битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс".

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Републикасының Президенті