«Аmanat» партиясы 807 тонна көмек қорын жинады

Оның 200 тоннасы аймаққа жеткізілді. Азық-түлік, киім-кешек, гигиена құралдары, тұрмыстық техникадан бөлек халыққа құрылыс материалдары да жіберіліп жатыр.

Бұл материалдар үй салу үшін керек. Аманат партиясының хатшысы Ринат Кертаев бастаған топ қазір Қостанай аймағында жүр. Топ құрамында мәжіліс депутаттары да бар. Олар зардап шеккен тұрғындардың халін біліп, гуманитарлық көмекті үлестіру барысын қадағалап жүр. Игі іске ел бойынша партияның мыңнан аса волонтерлары атсалысқан. Сын сағатта жұмылған халық қолдан келген көмегін аяп жатқан жоқ. Гуманитарлық жүкті тездетіп жеткізу үшін Қорғалжыннан 7 бірдей көлік ұсынылған. «Аманат өртенген ауылдардың мектеп оқушыларына да барынша көмек көрсетпек.

Ринат Кертаев, Amanat партиясының хатшысы:

- Дәл қазір оқу жылының басталған сәті, балалар алғашқы аптада мына жағдайға қарамастан оқу бағдарламасынан қалып қалмай керек құрал-жабдықтарын ұстап, керек киімін киіп оқу процесінде белсенді болуы керек. Сондықтан осы мақсатта арнайы  көмек жасауды жоспарлап отырмыз.