Елордаға 220 тонна ауыл шаруашығы өнімі жеткізілді

Осы демалыс күндері Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары жәрмеңке өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос өңірден 130 тонна ет және, балық әкелінген. Қыстың қамын жасауға кірісіп кеткен астаналықтар 50-ге жуық тауар түрін арзан бағада ала алады. Халыққа сүт өнімдері мен жеміс-жидек, көкөніс те ұсынылған. Ауыл дәмін сағынған елордалықтар келесі сенбіде Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының жәрмеңкесіне қатысады.

Бағдат Рүстемов, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Жәрмеңкеге келген халықтың көңілін көтеру үшін біз концерттік бағдарлама ұйымдастырып отырмыз Атырау облысының атынан. Еттің де көлемін былтырғыдан көбірек әкелдік. Сондай-ақ бұл жерге Астана қаласының тұрғындары нарықтық бағадан 20 пайызға дейінгі төмен бағада сатып алуларына болады өнімдерді.