Алматыда EUROSPAR супермаркеті ашылды

Еуропаға танымал SPAR компаниясы Қазақстанға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда желісінің алғашқы дүкені Алматыда ашылды. Компания алдағы уақытта еліміз бойынша тағы бірнеше супермаркет ашуды жоспарлап отыр. Олар ең бастысы тутынушыларға сапалы тауар ұсынып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуді көздейді.

EUROSPAR – бұл отбасылық супермаркет. Бұл жерден іздегеніңіздің бәрін табасыз. Компания тұтынушыларына азық-түлік пен үйге қажетті заттардың мол ассортиментін ұсынып отыр. Оның қатарында SPAR брендімен танымал тауарлар да бар. Оған қоса дүкенде ыстық тағам мен кондитерлік өнімдер сатылады. Сонда отырып тамақтануға да орын қарастырылған.

Демид Самошкин, SPAR Kazakhstan желісінің жетекшісі:

– Мен тұрғындарға біздің дүкенге келіп, көруге кеңес беремін. Сонда ғана басқа сауда орындарынан айырмашылығы қандай екенін байқайсыз. Бір сөзбен айтқанда мұны «дәмді» дүкен деп айтуға болады.

Бүгінде SPAR сауда желісі әлемнің 49 елінде ашылған. Көлемі мен орналасқан жеріне байланысты EUROSPAR, SPAR,  SPAREXPRESS INTERSPAR болып бөлінеді.

Демид Самошкин, SPAR Kazakhstan желісінің жетекшісі:

– Біздің басты үш артықшылығымыз бар дер едім. Ол – фреш, сапалы өнім мен жоғары деңгейде қызмет көрсету. SPAR еуропалық стандартты талап етеді. Оның лицензиясын алу оңай шаруа емес. Біз оған 9 ай жұмсадық. Қызметкерлерімізді оқыттық. Міне, нәтижесін көріп тұрсыздар. Өзіміздің ойдағыдай дүкенді ашып отырмыз.  

SPAR сауда желісінің алдағы жоспары тіптен ауқымды. Көп ұзамай Алматыда бұдан өзге тағы бір дүкен, ал Астанада кем дегенде үш супермаркет ашылады, деп жоспарланған. Сонымен қоса, келесі жылы интернет дүкен жұмысын бастайды.

Айта кетейік, әлем бойынша SPAR қызметін күн сайын 15 млн-ға тарта адам қолданады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон