ШҚО-да биыл орманды алқап 324 рет өртенген

ШҚО орманды алқаптың отқа орануынан бюджетке 288 млн теңгеден асатын шығын келді. Бұл қыркүйек айында болған алапат өртті есепке алмағандағы мәлімет.

Сол кезде қызыл жалын Қатон-Қарағай ұлттық паркінің, және Күршім мен Үлкеннарым орман шаруашылығының аумағын шарпыған еді. Аталған оқиғаға қатысты, қазір тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сала мамандары өрттің нақты деген шыққанын анықтауға кіріскен. Министрліктің мәліметінше, осы жылдың өзінде Шығыс Қазақстан облысында 324 рет орманды алқап өртенген. Салдарынан 10 мың гектардағы жасыл желек күлге айналды. Тексеріс қорытындысы жақын күндері жарияланады.

Қайрат Мейрембеков, ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Өрттің шығу себебін анықтау үшін ТЖМ арнайы бөлім қызметкерлері, прокурорлар мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Бірлескен жұмыс нәтижесінде орманды алқапты күлге айналдырған оттың неден шыққаны белгілі болады.

Сондай-ақ...