Екібастұздағы ахуал кез келген өңірде қайталануы мүмкін

Екібастұздағы ахуал елдің кез келген өңірінде қайталануы мүмкін.

Өйткені Қазақстандағы жылу орталықтарының 76 проценті жарты ғасыр бұрын салынған. Нақты айтсақ, қолдану мерзімі 61 жыл. Сондықтан бүгінгі апатты Энергетика министрлігі тозығы жеткен инфрақұрылыммен байланыстырып отыр. Олардың сөзінше, жылу желілерін толық жөндеуге тарифтің төмендігі кедергі. Екібастұздағы жылу құбырларының 70 проценті тозған. Оның жалпы ұзындығы 342 шақырым. Алайда жыл сайын тек 3-4 шақырымы ғана ауыстырылады. Бірақ апатты жағдайдағы желілерді бір-сыпыра жаңарту мәселесі әзірге шешімін таба қоймас. Қазір Екібастұз жылу электр орталығында 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Орамдық желілерде 5 түрлі ақау анықталды. Мамандар қалғанын іздеп жатыр.