Елордада мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін қолайлы етуге бағытталған өнертапқыштар байқауы өтті

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін қолайлы етуге бағытталған өнертапқыштар байқауы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Үш күнге созылған шараға 10 команда қатысты, оның ішінде студенттер, оқушылар және мұғалімдер мен мүгедектер де бар. Олар зағип жандарға арналған қашықтықтағы кедергілерді, сигнал беру арқылы анықтайтын құрылғы, жүгіруге мүмкіндік беретін тізеден жоғары аяқ протезі, шанадағы хоккей жабдықтары сынды өнер-табыстар ұсынды. Қатысушылардың басты мақсаты - мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеуге және олардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Сайыс қортындысы бүгін белгілі болады.