Қазақстанда табылған көне монеталар Сеулде көрсетіледі

Қазақстанда табылған көне монеталар Сеулде көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Астана мен Сеул арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Монеталардан өзге, көрмеге ұлы Абай ұстаған домбыраның көшірмесі, Алматы тарихынан сыр шертетін фото және бейне құжаттар қойылды.

Ғани Майлыбаев, Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

- Біз осында көрме ұйымдастырсақ олар келесі жылы бізге келетін болып уағдаластық. Сондықтан келесі жылы өз елімізде Алматының төрінде күтетін боламыз, бұл өз кезегінде екі елдің арасында қалалар достығымен мемлекеттік достықты арттыра түседі. Тек қана экономикалық емес мәдени тұрғыда да байланыс орнату көпірлер салу біздің ойымызда бар.