Қару сатқан полицейлер сотталды

Тіркеуден шығарылған қару-жарақты «жойылды» деп жалған есеп беру арқылы қайта сатумен айналысқандар анықталды.

Заңсыз әрекетпен құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері айналысқан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі жүргізген операция барысында Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолы кесілді. Тінту барысында 347 қару, 13 граната, 7 мың 387 оқ-дәрі тәркіленді. Сондай-ақ қаруды модификациялау цехы жойылды. Кінәлілер 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қызметтік міндетіне салғырт қараған құқық қорғау органының бірқатар басшысы жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ...