Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Ең алдымен, Президент Рудныйдағы жылу құбырында жарылыс болған жерде жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқанымен танысты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы оқиға салдарынан зардап шеккен Рудныйлықтармен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет.