Елде күре жолдардың сапасы артады

Республикалық маңызы бар жолдардың 5 мың шақырымнан астамының аумағына бейнебақылау камералары қойылып, байланыс антенналары орнатылды.

100-ге жуық бақылау аркасы тұрғызылды. Бұл жөнінде бүгін Үкіметте айтылды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте автожол желісі мен көлік инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша жүк көліктерінен ақы алу жүйесін іске қосу бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұл бірінші кезекте Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көліктерге қатысты болмақ.