Қарағандыда бизнесті қолдау шарасы қолданылды

Қарағандыда бизнес нысандарды орталық ауыз суға қосу үшін берілетін техникалық шарт рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Коммуналдық ұйым жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысынан кейін қағазбастылықты азайтуды ұйғарған. Өйткені соңғы уақытта орталық суға қосыла алмай жүрген кәсіпкерлер тарапынан шағым артқан. Тексеріс кезінде жемқорлыққа қарсы қызмет орталықтандырылған ауыз су жүйесіне себепсіз қоспау жайттарын анықтады. Енді сумен жабдықтау кәсіпорны нысандарды желіге қосу тәртібін өзгертті. Осының нәтижесінде өтінішті қарау мерзімі 2 айдан 25 тәулікке дейін қысқарды. Ал бұған дейін Антикор өкілдері облыстағы 8 қала мен 6 ауданда электр тарифын негізсіз қымбаттатудың алдын алды. Сөйтіп, тұтынушылардың 2,5 млрд теңгеге жуық қаржысы үнемделді.

Жұлдыз Ескенова, «Қарағанды Су» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Сумен жабдықтауға техникалық талаптарды беру кезінде коррупциялық тәуекелдер бар екені анықталды. Себебі жеке бір рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілген. Ал олар заңдық негізде қажет емес еді. Талдау нәтижесінде бұл анықтамалар алынып тасталды.