Қарағандыда асық үйірмесі ашылды

Қарағандыдағы мектепте алғашқы асық үйірмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге мұнда 30-ға жуық бала келіп жүр. Ұстаз Мадияр Шаяхметов оқушыларға бес асықты ойнаудың қыр-сырын үйретеді. Қызметі тегін. Өзі смартфонға телмірген жастардың көңілін ауласам дейді. Қазірдің өзінде шәкірттері қалалық жарыстарда топ жарып жүр. Келешекте жеке мектеп ашып, облыстық деңгейде дамытқысы келеді.

Мадияр Шаяхметов, мұғалім:

- Бұл біздің брендіміз деп айтсам болады. Өйткені асық ойыны баланың алғашқы жетілуіне, санауға, жинақылыққа, табиғи дамуына өте оң әсер ететін ойын деп есептеймін. Осы ойынды келешекте қаланың балалары арасында дамытсақ, келешекте біздің брендімізге айналып, әлемдік деңгейге жетсек деген ойдамын, ниеттемін.