Петропавл маңында қозғалтқышы істен шыққан тікұшақ мәжбүрлі түрде қонды

Кеше, 6 қаңтарда ВO-105 тікұшағының бір қозғалтқышы істен шыққан.

Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Петропавл қаласы әуежайы ауданында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиға болды. «Аэропракт» ЖШС-ға тиесілі BO-105 тіркеу нөмірі UP-ЕС114 тікұшағында оң қозғалтқышы істен шықты.

«Аэропракт» ЖШС басшылығынан алынған алдын ала мәліметтер бойынша ВО-105 UP-ЕС114 әуе кемесінің экипажы бекітілген ұшу жоспарына сәйкес ұшу тапсырмасын орындады.

Петропавл қаласының әуежайынан 20 шақырымда 300 фут берілген биіктік алынғаннан кейін тікұшақтың оң қозғалтқышының өздігінен істен шыққан. Әуе кемесінің командирі Петропавл қаласының әуежайында әуеден таңдалған алаңға мәжбүрлі түрде қонуға шешім қабылдады. Мәжбүрлі қонуды орындау алдында экипаж «Қазаэронавигация» РМК ӘҚҚ диспетчеріне қозғалтқыштың істен шығуы туралы баяндады.

Тікұшақтың қонуы 13:38-де сәтті орындалды. Зардап шеккендер жоқ.

Авиациялық оқиға кезінде әуе кемесінің бортында ұшқыш-нұсқаушы және әуе кемесінің командирі болған.

ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасының қызметкерлері осы авиациялық оқиғаға тексеру жүргізуге кірісті.