Ақтауда көшенің ортасында көлік жарылды

Ақтауда көшенің ортасында көлік жарылды.

Оқиғаның егжей-тегжейін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің бастығы Назарәлі Селімов айтты, деп жазды lada.kz.

Ақтаудағы 34 шағын ауданында Daewoo Nexia автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне 12 сәуір күні сағат 23:28-де түскен.

Көлік өртінің салдарынан құтқарушылар келгенше 65 литрлік газ баллон жарылды.

Өрт сағат 23:45-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.