Павлодар ауылында ғимарат отқа оранды

14 сәуір күні сағат 22:11-де Павлодар ауылында өрт болғаны туралы хабарлама түскен.

Школьная 15/1 көшесінде «Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастыры» тұтанды. Бір қабатты кірпіш ғимаратта 540 шаршы метр алаңда ағаш шатыр құрылымдары мен төбенің жануы және шатырдың құлауы боды. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литр болатын 1 газ баллонын эвакуациялады, сондай-ақ материалдық құндылықтар (шіркеу ыдыстары) эвакуацияланды.

​«Өрт 01 сағат 40 минутта жойылды. Себеп пен шығыны анықталуда. Оқиға орнында ТЖ департаментінің жеке құрамынан 35 адам және 7 бірлік техника, электр желісі, «102», «103» қызметтері, АМО, ТКШ, 1 водовоз (9т) жұмыс істеді. Оқиға орнында №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер мен 2 техника, 1 ҚСК су тасығышы болды», - делінген хабарламада.

​Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ...