Елордада 66 көше шамын ұрлап кеткен үш күдікті ұсталды

Елорданың триатлон саябағындағы 66 шам қолды болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жалпы бағасы 8 миллион теңгенің шамасында. Полиция департаментінің хабарлауынша, шамдарды ұрлады деген күдікпен 3 адам ұсталған. Олардың жасы 32 мен 50-дің аралығында.

«Көшедегі жарықтандыру жүйесін қадағалайтын компанияда қызмет ететін күдіктілер 2 ай бойы шамдарды ұрлаумен айналысқан», - дейді полиция өкілдері. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.