Q-pop жанрындағы танымал топтың мүшелері есірткімен ұсталды

Солтүстік Қазақстанда синтетикалық ескірткі жасап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Күдіктілер жымысқы әрекетін Петропавлда жүзеге асырып келген. Бір топ жігіт полицейлердің көзіне жыл басында түсіпті. Алайда тек ақпан айында күдіктілердің біреуі есірткіні жасырып жатқан жерінен қолға түседі. Тінту кезінде одан 15 доза мефедрон ескірткісі табылған. Бұл есірткі өте қауіпті. 3 грамының өзі ағзаны улауға жетіп жатыр дейді мамандар. Ал ұсталған азаматтың айтуынша, ақшадан тарығып, амалсыз осындай әрекетке барған. Ол бұл жұмысты телеграмм каналынан тапқанын айтады. Кейін мамандар қылмыстық топтың серкесін де ұстады. Жалдамалы пәтерде ескірткіні жасайтын зертхана анықталды. Сондай-ақ ұсталғандар дайын өнімді интернет арқылы саудалап келген болуы мүмкін. Жалпы, өңірде 4 айда 3 келідей ескірті тәркіленіп, 2 қылмыстық ұйымның жолы кесілді.

Айта кетейік, кеше Алматыда осыған ұқсас жағдай болды. Ұсталғандардың арасында отандық Q-pop жанрында ән шырқайтын «Madмеn» тобының мүшелері де бар болып шықты.