Коронавирустан соңғы бір күнде тағы 22 науқас қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 15 мамырдағы ақпарат жарияланды.

15 мамырдағы мәлімет бойынша 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 798 адамның жағдайы ауыр
  • 185 пациенттің жағдайы өте ауыр
  • 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, соңғы тәулікте 22 науқас коронавирустан көз жұмған.