Елордадағы мектепте емтихан кезінде кварц қондырғысы қосылып қалған

Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мемлекеттік емтихан тапсырған 4 оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себеп – олар отырған сыныпта кварц қондырғысы 1,5 сағатқа қосылып қалған. Ультракүлгін лампаның әсерінен балалардың көзіне зақым келіпті. «Абырой болғанда, жеңіл деңгейде», - дейді дәрігерлер. Оларға жедел көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылған. Енді амбулаторлық ем алады. Ал мектеп әкімшілігі оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізбек. Кінәлілер толық жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен балалардың еміне қатысты шығындар мектеп тарапынан өтеледі.