Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ көп ұзамай қайта қонды

Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай елорда әуежайына оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 16 маусымда күндіз болды. FlyArystan әуе кемесінің ұшағы қайтып келді. Бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметіндегілер растады.

«А320 ұшағы сағат 14.34-те Алматы әуежайына ұшып шықты. Алайда кейінірек техникалық себептерге байланысты борт Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға оралды. Әуе кемесі ауыстырылады. Қайта ұшу 19.10-ға жоспарланған болатын, бірақ соңғы мәліметтер бойынша рейс 23.40-қа дейін шегерілді», – деді әуежай өкілдері.