Түркістанда жүргізуші досын көлікпен сүйреді

Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап, адамдардың ашу-ызасын тудырған болатын. Полицейлер бірден іздестіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушыны тапты. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматыда жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, 5 адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, Қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан «Мерседестің» жүргізушісі жүк көлігімен түйісіп, жер үйдің қоршауын бұзып кеткен. Қатты соққыдан КамАЗ-дың цистернасы түсіп қалған.

Өскемен қаласында жол апаты болып, бір адам ауруханаға түсті. Полиция департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, Шәкәрім даңғылының қиылысында «Субару» көлігі жол бермей, «Лексуспен» соқтығысқан. Соның салдарынан 72 жастағы жүргізуші дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Осыған байланысты сот – медициналық сараптама тағайындалды.

Атырауда Орал өзенінің жағасындағы ағаш мен қамыс жанды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт ошағының жанында үйлер жоқ. Құтқарушыларға жаңбырдың жаумауынан әбден құрғап қалған қамыстардың тез тұтануы кедергі келтірген.