Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі өлі табылды

Қызыл Өзен ауылының маңында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Хабар 24.

8 қыркүйек күні түнгі сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне күйеуінің жоғалып кеткені туралы әйелі хабарлайды.

Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз «Opel Vectra» автокөлігімен шығып кеткен. Әйел онымен телефон арқылы сөйлескен, содан кейін күйеуі хабар-ошарсыз кеткен.

Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жүргізген. Келесі күні таңғы сағат 9:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары Қызыл-Өзен кентінде аталған автокөлікті табады.

Белгілі болғандай, «Opel Vecrta» автокөлігі жартастан құлап кеткен. Көлік салонында тек жүргізуші болған. Құлаған кездегі жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.