СҚО: Тайынша ауданында 40 тонна астық ұрланды

Солтүстіктегі Тайынша ауданында  40 тонна жасамық ұрлағандар ұсталды.

Астықтың бұл түрін ұрлағандар алыстан келмеген. Тайынша ауданының 2 тұрғыны болып шықты. Жедел тергеу-тексеру барысында олардың үнемі ұрлық істеп келгені әшкере болды. Тіпті басқа да қылмыстарға қатыстары бар екені анықталды. Күдіктілер жасамықты екі КамАЗ, екі ЗИЛ-мен тасымалдаған. Жүк тиегіш сияқты басқа да ауыр техниканы пайдаланған. Ұрланған өнімді осы аудандағы ауылдардың біріне өткізіп отырған. Олардан ұрлаған  жасамықтың бір бөлігі алынды.Қылмыстық іс қозғалды. Ал екі күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шығын сомасы 11 миллион теңге.

Орал қаласында саябаққа есірткі жасырған екі тұрғын ұсталды

Күдіктілерді ұстау үшін полиция қызметкерлері ұзақ уақыт із кескен. Олар көп мөлшердегі есірткі мен сол тәріздес улы дәріні жасырмақ болып жатқанда қолға түсті. Тінту барысында екі азаматтан амфетамин дәрісінің 55 данасы мен ірі мөлшерде ұсақ есіртікі табылды. Есірткіге ұқсас заттар сараптамаға жіберілді. Ал күдікітілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу бастады.

Түркістан облысында газетке есірткі орап сатпақ болған адам ұсталды 

Түркістан облысы Сайрам ауданында газетке орап есірткі сатпақ болған азамат ұсталды. Оның бұрын да дәл осындай іспен сотталғаны анықталды. Күдіктіні тінту кезінде 3 келі марихуана тәркіленіп, бірден қамауға алынды. Ал оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па ол тергеу барысында анықталмақ.