Талдықорғанда тәртіп сақшылары наразылық акциясын өткізді

Кеше кешкісін Талдықорғандық полицейлер наразылық акциясын өткізді.

Тәртіп сақшыларының жиналуына Кенжебеков А. есімді криминалды полиция басқармасы қызметкерінің күш қолдану дерегі бойынша ұсталуы себеп болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне қарасты ғимарат алдына топтасқандар жаппай жұмыстан шығу туралы арыз жазатынын ескерткен.

Оқиға орнына облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов барып, қарамағындағылармен сөйлескеннен кейін қызметкерлер тарқаған.