Көлік полицейлері заңсыз майнинг фермасын анықтады

Алматы-1 стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды стансасының теміржол трассасының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, майнингпен заңсыз айналысқандарды ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінен мәлім болды.

Департамент басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, көлік полициясының тексеруі кезінде криптовалюталарды шығаруға арналған 130 қорап тау-кен техникасы, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектері табылып, тәркіленді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде», – деді полиция генерал-майоры.

Әзірге Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын да ескертті.