Алматы облысында адам қағып, қашпақ болған күдікті қамауға алынды

Сәуірдің 14-і күні Алматы-Қорғас тас жолында 47 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатын жасап, кісі өліміне себепкер болған көлік иесі анықталды. Оқиға екі көліктің бір бағытқа бір мезгілде қосарлана қозғалуы салдарынан болған. Алайда Mercedes көлігінің жүргізушісі жүргіншіні қағып кетуден сақтанып бұрылмақшы болғанда жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Көліктің салонында болған адамдар жеңіл жарақат алды.

Ал істі қарау барысында жол-көлік оқиғасына себепкер болып, оқиға орнынан қашып кеткен Toyota Land Cruiser жүргізушісі екені анықталды. Белгілі болғандай, жаяу жүргінші адам жүрмейтін жолға шығып, көлік астына түскен.

Алдын ала болжам бойынша екі көлік те бір бағытта бір-бірінмен қосарлана қозғалған. Осы сәтте кенеттен жолға жаяу жүргінші шығып кеткен. Ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуіші бірнеше сағаттың ішінде анықталып, жауап алынды – дейді полиция қызметкерлері.

«Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, оған қатысты 345-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық іс қозғалды» және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеуді облыстық полиция департаментінің тергеушілері өз бақылауына алды.