Қостанайлық полицейлер өртеніп жатқан көліктен ер адамды шығарып алды

19 мамыр күні сағат 2:00 шамасында Қостанай қалалық полиция басқармасына Юбилейный ауданында көлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына тез арада полиция жеткен. Оларға оқиға куәгері көлік ішінде ер адамның қалғанын айтқан.

– Көліктің есігін ашқанда рөлде ес-түссіз отырған ер адамды байқадық. Жүргізушіні қауіпсіз жерге шығарып алдық, – дейді полиция қызметкері А.Жұманиязов.

Полицейлер тұрғындар мен көлікті қауіпсіз жерге көшірген.

Өртке қозғалтқыштағы ақау себеп болған. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Ал полицияға хабарласып, ер адамды құтқаруға өзі де қол ұшын созған қостанайлық Бауыржан Тәжібаевқа Қостанай облыстық ПД басшысының орынбасары арнайы сыйлық табыстады.