Маңғыстауда мектеп бітірген оқушылар жол апатына түсті

Оқиға бүгін соңғы қоңырау салтанатынан кейін Шетпе - Сайөтес жолының 268-шақырымында болды. Жеңіл көліктің 17 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.

- Зардап шеккендер Маңғыстау аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек ҚР ӘҚБтК-нің 345-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал аудандық аурухана өкілінің мәліметінше, 2 адам санавиация арқылы Ақтауға жеткізілген. Қалғаны аудандық аурухананың хирургия бөлімінде жатыр. Біреуі екінші дәрежелі комада.