Жол жөндеу кезінде 20 млрд теңге жымқырған

Екі шетелдік мердігер мекеме жол жөндеймін деп мемлекетімізге 20 млрд теңгеден астам шығын әкелді.

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің превенция қызметінің басшысы хабарлады. Саян Ахметжанов бұл саладағы парақорлықтың бірқатар жолын әшкерелеп тізіп берді. Сорақысы сол елде құрылыс материалдарының сапасын тексеретін зертханалар болу керек деген талап жоқ. Осының салдарынан ақшаны үнемдеу үшін тапсырысты орындаушылар арзан әрі сапасыз заттарды қолданады. Техникалық қадағалаудың аты болғанымен, заты жоқ. Түптеп келгенде жұмысты қабылдау актісіне тек тапсырыс беруші мен мердігер мекеме қол қояды.