Қазнетке шабуыл жасалды

Мемлекеттік техникалық қызмет мамандары бүгін бірқатар сайттарға шабуыл жасалғанын тіркеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір байланыс операторлары барлық олқылықты ретке келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл өз кезегінде өзге сайттарға кіру жылдамдығын тежеуі мүмкін. Мамандардың мәлімдеуінше, бұл шабуылдар шетелдерден жасалған.