ШҚО-да 9 елді мекен көгілдір отыннан ажыратылды

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында газ құбырынан ақау шығып, 9 елді мекен көгілдір отыннан ажыратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Зайсан қаласынан шыға берісте жер астынан өтетін желіден газ бөлініп жатқандығы анықталған. Мұндай жағдайдың болуына құбыр үстімен ауыр техникалардың өтуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Қазір көгілдір отынды тарату уақытша тоқтатылып, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 25 маман сонымен қатар атқарушы орган өкілдерінен құрылған топ ақауды қалыпқа келтіру шаруасына жұмылдырылды. Жоспар бойынша бүгін кешке қарай қалыпқа келтіру шараларын аяқтап, алдын ала газ жүйесі тексерілетін болады. Жалпы қазір нақты газ құбырына қосылған 1700-ден астам абонент көгілдір отынсыз отыр. Оларға әзірге балама жолдарды, яғни пеш немесе электр жылыту құралдарын пайдалануға кеңес берілді.

Серік Тілемісов, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:

- Осы елді мекендерде  газ құбырлары болмаған кезде қатты отынмен жағатын пеш қазандықтары бар. Альтернативті жылу беру жүйелерімен қамтамасыз етілген. Негізінен Зайсан ауданында қазір күндізгі уақытта 10 градус жылы температура жұмыстарды тез уақытта аяқтауға барлық күштерін салуда.