Петропавлда су құбыры жарылды

Коммуналдық апат қаланың қақ ортасында Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында болған. Жер астынан көтерілген су жан-жаққа жайылып, жолдың бойы көлкіп тұр.

Төтенше жағдай салдарынан 15 көпқабатты тұрғын үй, балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы мен 10 - ға жуық кәсіпорын тіршілік көзінен ажыратылды.

Айта кетейік, бұл құбыр биыл бірінші рет сыр беріп жатқан жоқ. Өткен айдың басында да жарылған болатын.

Ербол Нәбиев, Сумен қамту кәсіпорны бас инженерінің орынбасары:

- Диаметрі 800 мм болатын су құбыры жарылды. Қазір оқиға орны оқшауланып, жарылған жерін анықтауға кірісетін боламыз. Бұл жұмыстар түні бойы жүргізіледі.