Мемлекет басшысы наурызда Алматы облысына жұмыс сапарымен барады

Наурызда Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде қордаланып қалған түйткіл көп. Бұл ғана емес, еліміздің өзге аймақтарында да тұрғын үй құрылысы, медицина, білім мәселесі оң шешімін таппай тұр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты бірқатар сын айтты.

Ел бойынша тек Қызылорда облысында құрылыс қарқыны бәсең. Көрсеткіш 27 процентке төмендеген. Әсіресе, тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан артта келеді. Жағдайға не себеп және бастысы оны түзеу үшін қандай шара қолға алынды? Президентті алаңдатқан бұл сұраққа аймақ басшысы жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Гүлшара Наушақызы, халықты баспанамен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Статистикаға қарасақ, былтыр Қызылорда облысында құрылыс қарқыны 27 пайызға төмендеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 20 пайызға азайған. Бұл мемлекет бойынша ең төменгі көрсеткіш. Жағдайды түзеу үшін не істеп жатырсыздар? Бұл мәселе бойынша қандай жоспарларыңыз бар?

Гүлшара Әбдіқалықова, Қызылорда облысының әкімі:

– Проблемалар бар. Бірақ біз биыл алдымызға жоспар қойдық: 644,7 мың шаршы метр үй беріледі. Оның ішінде бірінші Қызылорда қаласы және аудандар бойынша арнайы үй салу инфрақұрылымдарын дайындап қойдық. Екіншіден, Үкіметпен бірге қазіргі бағдарламаларға байланысты арендалық және несиелік үйлер бойынша жұмыс істейміз.

Мемлекет басшысы бұдан кейін Павлодар облысындағы моноқала Екібастұздың жайына алаңдайтынын айтты. Шағын шаһарда энергетика мен өнеркәсіп саласына қажетті білікті мамандар көп. Яғни, кадрлық әлеует күшті. Бірақ соңғысын жоғалтып алу қаупі жоғары қазір. Себебі моноқаланы дамыту стратегиясы жоқ. Елдің ірі мегаполисі Алматы десек, ондағы мәселелер кең ауқымда отырып шешілуі тиіс. Мемлекет басшысы шаһар маңында Алматы облысына қарасты елдімекендер көп, сәйкесінше, қордаланып қалған түйткіл аз емес екенін айтты. Сондықтан облыс пен мегаполиске ортақ мәселелер алдағы наурыз айында жасалатын Президент сапары кезінде көтерілмек. Қасым-Жомарт Тоқаев сапарға дайындықты қазірден бастау жөнінде тапсырма берді. Жалқыдан жалпыға өткен Президент тұтас ел үшін өзекті мәселелерге тоқталды. Білім саласында 2025 жылға дейін 800 мектеп салынады деді. Биылдың өзінде соның 200-і пайдалануға берілуі тиіс.

Ал су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану тұрғысында, су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы әхірленді. Енді оны үкімет жүзеге асыруы тиіс. Ауыл халқының жайылымдық жер таппай қиналатыны бар. Мұның да Президент күрмеулі мәселе екенін біледі. Себебі жайылымдардың 99 проценті шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылым бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, жыл соңына дейін осы жерлерді қайтарып алу міндеттелді. Сондай-ақ жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыруды жүктеді. Бұдан кейін Президент ақпанда басталатын вакциналау мәселесіне тоқталды. Осыған орай, ерікті түрде жүргізілетін процеске мұқият болу міндеттелді. Соның қорытындысында елдегі эпиджағдай жақсартуы тиіс. Айта кетейік, биыл 6 млн қазақстандыққа екпе жасалады. Ел үкіметінің жоспары бойынша биыл 33 фельдшерлік-акушерлік бөлім, көпбейінді 8 аурухана және 2 ғылыми орталық салынады. Аудандағы медициналық ұйым мен перзентханалардың құрал-жабдықпен қамтылуы 70 процентке жеткізіледі. Ал экстро корпоральді ұрықтандыруға мемлекет тарапынан 7 мың квота бөлінеді. Бұл жылдағы көрсеткіштен 7 есе көп.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Қ.Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді

А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Қазақстанда инфляция деңгейі 7,5%-ті құрады

Ел экономикасы қашан қалыпқа келеді?

Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету тапсырылды

ҚР Президенті: Жүз мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды

Мемлекет басшысы: Фармацевтика саласында монополияға жол берілмейді

Президент жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты

Қазақстандықтардың 48 проценті ғана экологиялық жағдайға көңілі толады

Қ.Тоқаев бәсекелестікті дамытатын заң қабылдауды тапсырды