Моңғолиямен арадағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгеріс енгізілді

Мемлекет басшысы «1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.