429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиевті қабылдады

  • 178
  • UPD: 20:09, 02.04.2021
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың жұмысы жайында есеп берілді. Сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. 

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты. 

Кездесу соңында Президент «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы