433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы көші-қон мәселесі реттеледі

  • 83
  • UPD: 11:31, 08.04.2021
Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы көші-қон мәселесі реттеледі

Екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ақпарат алмасу жүйесі оңтайландырылады.

Азаматтар туралы жеке мәліметтерді алу жеңілдейді. Одан бөлек, екі тарап бір-біріне практикалық көмек көрсетеді. Заңсыз каналдармен күресу үшін күш біріктіреді. Сенат Қырғыз елі мен Қазақстан арасындағы көші-қон мәселесін реттейтін заңды қабылдады. Жалпы екі ел арасында осы салада 23 келісім жасалған. Тағы 8 келісім дайындалып жатыр. Пандемияға байланысты көрші елден келетіндер саны азайған. Былтыр 281 мың адам шекарадан өтіпті. Биыл 3 айда 32 мың адам келген. Ал біздің елде қылмыс жасап, жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің 11 проценті қырғыз азаматтары екен.

Хабар 24 телеарнасы