Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Үндістан еліне гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесуі барысында айтылды.

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырғанын жазды.